×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

+7-ден +997-ге көшу: Азаматтар телефон нөмірін ауыстыра ма

02.11.2021, 11:42
Фото: Ашық дереккөзден

Депутаттардың бұл сұрағына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жауап берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы.

«Азаматтардың абоненттік нөмірлері ауыспайды. Тек қана +77 саны +997 санына ауыстырылады, сондықтан тұтынушы азаматтар үшін ешқандай шығын шықпайды. Бюджеттен де қаражат бөлінбейді. Қызмет ұсынушылар тарапынан болатын шығын мәселесі операторлармен алдын ала талқыланды және келісілді. Жаңа кодқа өту мәселесі қолдау тапты», - делінген Мусиннің жауабында.

Министрдің хабарлауынша, министрліктің операторлармен жан-жақты талқыланып жасалған нақты жоспары бар. Осы жоспарға сәйкес, Қазақстан жаңа ұлттық кодқа 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ауыса бастайды. Жаңа кодқа көшу процесі 2025 жылғы қаңтарға дейін жалғасады. Азаматтарға қолайлы болу үшін екі жыл бойы екі код қатар колданылады. Осылайша қазақстандықтарға қолданып отырған сервистер мен қосымшаларды жаңа кодқа ауыстыру үшін екі жылдай уақыт беріледі.

«Қазіргі ақпараттық заманда барлық жабдықтар цифрландырылған, сондықтан бағдарламаларда 7 санын 997 санына ауыстыру қиындық тудырмайды», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары