×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Су тасқыны: 6 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

12.04.2024, 11:49
Су тасқыны: 6 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Фото: zhaikpress.kz

2024 жылғы 12 сәуір сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күннің жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 8695 метр болатын су тасқыны болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолында (ұзындығы 618 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 450 техника мен 853 адам жұмылдырылған, – делінген хабарламада.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.