1991 жылдан бері Қазақстанға 1 084 692 қандас көшіп келген, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы.
Ulysmedia.kz порталының сауалына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкеновтың берген жауабына сәйкес, Қазақстанға қандастардың ең көбі Өзбекстаннан көшіп келген. Өзбекстаннан келген қандастар саны – 542 658 адам. Одан кейінгі орында Қытай (355 501 адам) тұр. Үштікті Түрікменстан (74 706 адам) түйіндейді.
Сонымен бірге 30 жыл ішінде Қазақстанға Моңғолиядан 55 937 адам, Ресейден 16 816 адам, Ауғанстаннан 13 330 адам, Ираннан 8 645 адам, Қырғыз Республикасынан 7 372 адам, басқа елдерден 9637 адам оралған.
Қандастардың көбі Алматы облысы (304 289 адам), Түркістан облысы (216 072 адам), Маңғыстау облысына (159 583 адам) көшіп барған. Қандастар көшкен өңірлердің қатарында сонымен қатар Жамбыл облысы (91 468 адам), Шығыс Қазақстан (53 909 адам), Қарағанды облысы (44 250 адам), Нұр-Сұлтан қаласы (33 417 адам) тұр. Қандастар ең аз көшкен өңірлер - БҚО (3 778 адам), Қостанай облысы (3 595 адам) мен Шымкент қаласы (3 504 адам).