×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қытай Тайваньға әскери соққы жасауы мүмкін

13.04.2024, 11:29
Қытай Тайваньға әскери соққы жасауы мүмкін
Ашық дереккөзден

Тайвань төңірегіндегі ахуал тағы ушықты. Бұл жолы Тайвань теңіз-әскери күштерінің жетекшісі АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиты қолбасшылығы орналасқан Гаитиге сапары түрткі болды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Қытай бұл әскери байланысқа үзілді-кесілді қарсы. Қазір Қытай халық-азаттық әскері Тайваньның кез-келген сепаратистік әрекетіне тікелей соққы беруге дайын тұр. Бұл жөнінде Қытай Ұлттық Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді. У Цянь Демократиялық прогрессивті партия билігіне елден бөлінуге бағытталған әрекеттерді тоқтатуды қатаң ескертті. Ал АҚШ-ты «Біртұтас Қытай» қағидасын ұстанып, халықаралық келісімді бұзбауға шақырды.

“Қытай тарапы АҚШ пен Тайвань арасында кез-келген ресми алмасулар мен  әскери байланыс орнауына қарсы. Тайвань қытайдың ажырамас бөлігі. Әлемде екі Қытай мемлекетінің болуы мүмкін емес. Бұл мәселе біздің елдің ішкі шаруасы. Сепаратистік іс-қимылдың кез келген түріне Қытай халық-азаттық әскері тікелей соққы береді”, – деді ҚХР Ұлттық Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі У Цянь.
 

Естеріңізге салсақ, Қытай басшысы Си Цзиньпин жаңа жылдық үндеуінде Қытай мен Тайваньның бірігуі туралы айтқан болатын.