×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Балаева жалған ақпарат құтқару жұмыстарына кедергі келтіретінін айтты

13.04.2024, 16:22
Ашық дереккөзден

Мәдениет және ақпарат министрлігі су тасқыны жағдайына байланысты жалған ақпарат таратпауға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, жалған ақпарат құтқарушылар жұмысына кедергі келтіруде.

Ақпарат саласына жүргізілген мониторинг барысында жалған ақпарат болып шыққан 29 факті анықталған. Ол хабарламалардың барлығы тиісті тексеруден кейін уәкілетті органдар тарапынан шынайы емес екені анықталып отыр.

Жалған ақпараттар көбіне мессенджерлер арқылы таралады. Ең көп тараған ақпараттар қатарына бөгеттердің бұзылуы, республикалық маңызы бар жолдарды су басуы, су қоймаларындағы, электр станцияларындағы және басқа да стратегиялық объектілердегі апаттар, ауыз судың ластануы, эвакуациялау орындары, қаражат жинау және төлеу туралы жалған мәліметтер жатады, –  делінген мәліметте.

Мәселен, Ақтөбедегі су қоймасы шлюздерін ашу туралы әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарады. Оны кейін Ақтөбе облысының әкімдігі жоққа шығарған.

Серіктес жаңалықтары