×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Иордания әуе кеңістігін уақытша жапты

14.04.2024, 14:11
Ашық дереккөзден

Кеше Иорданияның азаматтық авиация басқармасы аймақтағы шиеленістің күшеюіне байланысты барлық келетін, кететін және транзиттік ұшақтар үшін әуе кеңістігін уақытша жабу туралы шешім қабылдағанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

— Билік алдағы бірнеше сағат ішінде жергілікті уақыт бойынша сағат 23:00-ден бастап келетін, ұшатын және трансшекаралық ұшақтарға Иорданияның әуе кеңістігін уақытша жабу туралы шешім қабылдады. Жағдай өзгерістерге сәйкес үнемі жаңартылып, қаралатын болады, делінген хабарламада.

Мемлекеттік реттеуші бұл шешімнің халықаралық деңгейде сақталатын азаматтық авиация қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес тәуекелді бағалаудан кейін қабылданғанын атап өтті. Аймақтағы шиеленістің күшеюі жағдайында Иорданияның әуе кеңістігінде азаматтық авиацияның қауіпсіздігін сақтау маңызды.

Серіктес жаңалықтары