Алматыда бұрынғы әйелі Салтанатты ұрып-соққан Александр Ким қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Бұрынғы жұбайына дене жарақатын салған адам ұсталды. Сот шешімімен ұрып-соғып, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін ол 25 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Оған айыппұл салынды. Құқық бұзушы қамауға алынды, - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.
«Бізге тағы бір Салтанатты құтқару керек»
Еске салсақ, әлеуметтік желіде бұрынғы күйеуінен көшеде соққы жеген Салтанат есімді әйелдің видеосы тараған болатын.
Бұл туралы «Балалар қорғауда» жеке қорының басшысы Жанна Ахметова facebook-парақшасында жазды.
Бізге тағы бір Салтанатты құтқару керек. Әйелдің есімі шынымен Салтанат.
Құбыжықпен 11 жыл отасқаннан кейін әйел ажырасу шешімін қабылдайды. Оның шырмауынан әрең құтылған ол балаларын алып, Тараздан Алматыға көшеді.
Енді ол келіп, оны осында қуып, қайтаруға мәжбүр етіп жүр.
Биыл 1 сәуірде «Life Town» тұрғын үй кешенінде оған шабуыл жасап, телефонын сындырып, ұрып-соққан. Қараңызшы, ол қандай психопат. Әйелді, балаларының анасын қандай күшпен ұрып жатқанын қара! Ол да жан-жағына жалтақтай қарап, ешкім көрмейтіндей дайындалды. Спортик... – деп жазды ол.
Ер адам әлеуметтік желіге кейін видео жүктеп, барша Қазақстан халқынан, бұрынғы әйелінің туған-туыстарынан кешірім сұраған еді.