×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Құлсарыда «Сергекке» түсіп қалған көліктердің айыппұлдары кешірілетін болды

Құлсарыда «Сергекке» түсіп қалған көліктердің айыппұлдары кешірілетін болды
Коллаж: Ulysmedia

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үйлері суға кеткен құлсарылық ағайынның тағым бір өтініші бар еді. Төтенше жағдай жарияланғанда елдің бәрі көлігіне отырып, қашты ғой. Тұрғындарды эвакуациялау үшін бірнеше рет рейс жасағандар бар. Жылдамдыққа қарайтын жағдай емес. «Сергекке» түскен айыппұлдар бірінен соң бірі келіп жатыр. Осыны тиісті органдарға, облыс әкімдігіне жеткізуді сұраған. Айтайын дегенім, 1 сәуірден бастап Құлсары бойынша «Сергекке» түскен айыппұлдарыңыздың бәрі кешірілетін болды. Төлемей қойсаңыздар болады. Атыраумен жаңа ғана сөйлестім, деректер базасын қазір тазартып жатыр. Одан бөлек күрделі талап-арыздарыңызды күні ертең Мәжілістің жалпы отырысында көтереміз, - деді ол.

Сондай-ақ депутат Көлік министрлігінен қымбаттап жатқан әуе билеттерінің бағасына назар аударуды сұрады.   

Атыраудан Астанаға жеттік. Әуежайдың іші де, сырты да адамға толы. Елде қаланы су баса ма деген алаңдаушылық, дүрбелең, паника бар. Осыған байланысты әуе рейстерінің саны да көбейіп жатыр. Көлік министрлігі бағаны стерінің саны да көбейіп жатыр. Көлік министрлігі бағаны 40 мың теңгеден асырмау жөнінде нұсқаулық берген. Алайда түнде бір қарағанымда 100 мың теңгенің ар жақ, бер жағындағы билеттер болды. Сондықтан, Көлік министрлігі, мұны да назарда ұстауларыңызды сұраймыз, - деді Мақсат Толықбай.