Алматыда лай көшкіні жүріп, тас жолды басып қалды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды?
Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді. Медеу ауданында көлемі 60 текше метр, салмағы шамамен 5 текше метр лай сырғып, тас жолды жартылай жауып тастаған. Зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында «Казселденқорғау» ММ-нің мамандары жүр.
ҚР ТЖМ мәлімдемесі
“ТЖМ тұрғын үй алаптарының иелеріне, бау-бақша және саяжай қоғамдарының басшыларына су құбырлары мен суару құбырларының, септиктердің жағдайын қадағалауды ұсынады.” – деді министрлік.