×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Дубай әуежайы “көлге” айналды. Билет алғандар не істеуі керек?

17.04.2024, 22:51
Дубай әуежайы “көлге” айналды. Билет алғандар не істеуі керек?
Ашық дереккөзден

Дубайдан және Дубайға билет алған қазақстандықтар үшін Air Astana компаниясы мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Хабарламада бірнеше әуе рейсінің тоқтатылғаны, жолаушылар басқа күнге билет брондай алатыны айтылған.   

Ресми мәлімдеме 

Air Astana Алматы-Дубай-Алматы бағыты бойынша 17 сәуірге жоспарланған КС897/КС898 рейстері Дубай әуежайының жабылуына байланысты тоқтатылатынын хабарлайды. Жолаушылар билеттерді басқа күндерге қайта брондай алады немесе сатып алу орны бойынша құнын қайтара алады. 

Астана-Дубай бағыты бойынша 17 сәуірдегі КС205 рейсі бару пункттегі әуежайдың жабылуына байланысты Фуджейра қаласының әуежайына қонды. Дубайға ұшу уақыты 18 сәуір жергілікті уақыт бойынша 08:20 жоспарланған. Дубай-Астана бағыты бойынша КС206 рейсі жергілікті уақыт бойынша 18 сәуір 10:00-ге ауыстырылды. 

Сондай-ақ Дубайға ұшу кестесінде басқа да өзгерістер болса әуе компаниясы қосымша хабарлайтынын мәлімдеді. Ал әуежайға барар алдында әуекомпаниясының ресми сайтын тексеруді сұрады.