Қазақстан Халық банкі Visor International DMCC инвестициялық тобының құрамына кіретін сатып алушылар консорциумының пайдасына Халық Банк Қырғызстан акцияларының 100% сату жөніндегі мәміленің аяқталғанын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Visor тобы Қырғызстанның Халық банкін дербес заңды тұлға ретінде сақтап, оны Қырғызстанда дамытуды жалғастыруды жоспарлап отыр.
Мәміле сомасы жөнінде мәлімет жоқ.
Бұған дейін Halyk Bank өзінің еншілес компанияларын Ресей мен Тәжікстанда да сатқан болатын.
Visor және Кәрібжанов
Visor-дың басым иесі кәсіпкер Айдан Кәрібжанов. Ол Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің 33-ші орында.
Кәрібжановтың активтері 226 миллион долларға бағаланады.
Visor арқылы кәсіпкер электр энергиясын өндіретін компанияларға, жел электр станцияларына иелік етеді.