×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматы облысында бұзақы полиция қызметкерін атып тастады

18.04.2024, 19:05
Алматы облысында бұзақы полиция қызметкерін атып тастады
Ашық дереккөзден

Алматы облысында күйеуінен үнемі зорлық-зомбылық көретін әйел полиция шақырған. Жәбірленушіге келген тәртіп сақшыларын күйеуі атып тастаған деп хабарлайды, Ulysmedia.kz

Не болды?

Оқыс оқиға Алматы облысында болған. Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны полицияға арыз түсіреді. Онда әйел өзін күйеуінің үнемі ұрып-соғатынын айтып көмек сұрайды. Алайда тәртіп сақшылары келгенде тентек күйеу олармен қарсыласқан. Содан соң мылтық алып шығып, қызметкерлерді ата бастаған. Полицейлердің бірі оқ жарақатын алып, ауруханаға түскен. Кейін ер адамның алколгольдік ішімдік ішкені анықталған. 

 "Ұсталған адамның іс-әрекетінде құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғуды көздейтін қылмыстық құқық бұзушылық белгілері байқалған. Қажетті сараптамаларды тағайындау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды" деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі. 
 

Айта кетейік 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстағы зорлық-зомбылық пен педофилияға жазаны күшейтетін заң жобасына қол қойған еді.