×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алматыда Қонаев, кейін Назарбаев тұрған пәтер сатылып жатыр

19.04.2024, 10:32
Коллаж: ulysmedia.kz.

Алматыда Төлебаев көшесіндегі ғимаратта пәтер сатылып жатыр. Бұл үйде Қазақ КСР министрлер Кеңесінің төрағасы Дінмұхамед Қонаев тұрған. 509 миллион теңгеге сатылып жатқан пәтерде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев та тоқсанын жылдары өмір сүрген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Пәтер жайлы

Кrisha.kz порталында Төлебаев 119 үй мекенжайындағы пәтердің сатылатыны жөнінде хабарландыру пайда болды.

Ол екі қабатты үйдің екінші қабатында орналасқан. Ауданы 566 шаршы метрді құрайды. Иесі ол үшін 509 миллион теңге сұрайды. Сатылатын пәтер жөндеуді қажет етеді.

Пәтердің сызбасы мынадай:

"Алтын квадрат. Тарихи орын. Жеке кіреберіс есігі бар пәтер. 2 қабат, сонымен қатар жертөлесі бар. Ауласында автотұрақ тұр. Әр қабатта жуынатын бөлме. Жөндеуді қажет етеді. Бұл ауданның инфрақұрылымы жақсы дамыған. Жақын жерде Опера театры, субұрқақтар, саябақ аймақтары, "Митрополит" дүкені, әртүрлі профильдегі мектептер мен гимназиялар, банк бөлімшелері, сондай-ақ бос уақытты өткізуге арналған көп орын бар. Бағасы бойынша келісуге болады, - делінген хабарландыру мәтінінде.

Танымал көршілер және пәтердің атақты иесі

Бұл үйде Дінмұхамед Қонаевтың мемориалдық мұражай-пәтері орналасқан. Мұнда ол 1969 жылдан 1993 жылға дейін өмір сүрген.

Хабарландыруда көрсетілген нөмірге қоңырау шалғанбыз. Бізге пәтер басқа кіреберісте екенін ескертіп, оны көру мүмкін емес екенін айтты. Өйткені сатып алуға қызыққан адам бар екен.

Қаржыгер Расул Рысмамбетов өзінің Facebook парақшасында тоқсаныншы жылдары бұл пәтерде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұрғанын жазады.

Кім сатып жатыр

Хабарландырудың авторы "Алма-Инвест-Холдинг" ЖШС. Компанияны Александра Цхай басқарады. Компанияның құрылтайшылары жөнінде ақпарат жоқ.

Бұған дейін "Алма – Инвест – Холдинг" ЖШС-нің басшысы Альфия Абрасулова болған, оның қолында "Darbuilding", "DLS Group Kazakhstan", "Darin construction"ЖШС компаниялары бар еді. Ол "Алма-ТВ" ЖШС басшысы да болды.

Цхай "AB Agro Invest" ЖШС және "Darin Construction"ЖШС сияқты басқа компанияларды басқарады. Shishkin_like Telegram-арнасының мәліметінше, бірінші құрылтайшылар Дариға Назарбаева мен оның марқұм ұлы Айсұлтан Назарбаев болған. Қазір құрылтайшылар туралы ақпарат жасырылған.

Кристина Колосовская

Серіктес жаңалықтары