×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қонаевтың жаңа әкім тағайындалды

19.04.2024, 19:00
Қонаевтың жаңа әкім тағайындалды
gov.kz

Қонаев қаласының әкімі болып Асхат Бердіханов болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Алматы облысының әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

Асхат Бердіханов 1975 жылы туған. Білімі-жоғары. 1995 жылы Павлодар машина жасау колледжін "өнеркәсіп кәсіпорындарының электр жабдықтары" мамандығы бойынша бітірді, 2005 жылы Торғайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. 2015 жылы Еуразиялық технологиялық университетті "Электроэнергетика" мамандығы бойынша, 2017 жылы Павлодар мемлекеттік университетін аяқтаған. Энергетика және электротехника саласындағы техника ғылымдарының магистрі, 2022 жылы Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетін "Құрылыс"мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы Павлодар трактор зауытында электромонтер болып бастаған. Әр жылдары құқық қорғау органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Балқаш ЖЭО басқарма төрағасының орынбасары, "Самұрық-Энерго" АҚ бас менеджері, "Алатау Жарық компаниясы" АҚ бас инженері, Samruk-Kazyna Construction басқармасының бастығы, Түркістан облысы энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары, басқарма төрағасының бірінші орынбасары - Мойнақ гидроэлектростанциясының бас инженері қызметтерін атқарды. 

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Естеріңізге сала кетейік, 4 сәуірде Қонаевтың бұрынғы әкімі Нұрлан Құматаев өз еркімен отставкаға кеткен болатын.