×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда кремациядан кейін күлді көму ережелері бекітіледі

19.04.2024, 19:30
Freepik

Құжатқа сәйкес, бұл ереже крематорийлердің қызметін реттеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Ашық НҚА" порталында бұйрықтың жобасы жарияланды. Оған сәйкес ережелерді қабылдау крематорийлердің қызметін реттеуге мүмкіндік береді.

Бұйрық Қазақстанда крематорий құрылысына байланысты дайындалған. Жобаны қабылдау арқылы крематорийлердің қызметін және колумбарийлердің жұмысын реттеу көзделген.

Колумбария дегеніміз не

Колумбариялар арнайы бөлінген жер учаскелерінде, соның ішінде зират аумақтарынан тыс жерлерде орналастырылады. Күлі бар жәшікте қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты және кремацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі.

Колумбарий - жерлеу жәшіктерінің қоймасы. Колумбария екі түрге бөлінеді:

  • ашық-ұяшықтары бар қабырғалар ашық аспан астындағы зираттарда орналасқан;
  • жабық-ғимараттардың ішіне орналастырылған.

Колумбарияда қалдықтарды көму кезінде кремация туралы анықтама ұсынылуы керек.

Серіктес жаңалықтары