Франциядағы жазғы Олимпиада кезінде жасанды интеллект жүйесі бар технология қолданылады, деп жазады Ulysmedia.kz.
Бұл туралы халықаралық жарыстарды ұйымдастырушылар ұйымы мәлімдеді. Технология арқылы телекөрермендер үшін онлайн-көрсетілім сапасын жақсартуды жоспарлап отыр. Франция үкіметі жасанды интеллектке қатысты, қауіпсіздік шараларын күшейтеді. Мәселен, адамның бет-әлпеті арқылы жұмыс істейтін бейнекамералардың сапасын арттырады.
Айта кетейік, 2029 жылға қарай әрбір бесінші мемлекеттік қызмет ЖИ көмегімен көрсетілетінін жазған едік.