×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Жартылай марафоннан Virtus әлем чемпионатының нәтижелері

21.04.2024, 14:49
Ulysmedia

Almaty Virtus World Half Marathon & 10k race Championships 2024 жарысының басталуы Президент саябағында таңғы сағат 7:30-да басталды. 8000-ға жуық спортшы мен әуесқой қала көшелерімен жүгірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ii1 санатының жеңімпазы Испаниядан келген Magdalena Palacios Ebay атанды, ол жарысты 33 минут және 15 секундта аяқтады. Екінші орын Польшадан келген Даниэль Бессиге бұйырса, (уақыты –  35:25), үшінші орынды болгариялық Виктор Караджов (уақыты –  46:25) иеленді.

Ii3 санатында бірінші орынды Dastan Ordabay (47:41), екінші орынды Azamat Ashirbay (51:48), үшінші орынды Madi Zhakyp (52:47) жеңіп алды. Үшеуі де – қазақстандық.

7:40-та жартылай марафон басталды (21 км). ii1 санатында Еуропа чемпионы Кристиано Перейра (Португалия) қашықтықты 1 сағат 6 минут 46 секундта аяқтады. Екінші орынға Жапониядан келген Юдай Такаяма (уақыты 1:07:49) жайғасса, үшінші орын тағы бір жапондық желаяқ Кейя Кобаяшиға (уақыты 1:10:40) бұйырды.

Жартылай марафонның ii1 санатындағы әйелдер бәсекесі де тартысты өтті. Онда Monika Wyrobek (Польша) 1 сағат 32 минут 7 секунд уақытпен мәре сызығын бірінші болып кесті. Екінші орын - Anna Bodziony (Польша, уақыт 1:40:03).

Айта кету керек, жоғарыда есімдері аталған Cristiano Pereira және Yudai Takayama өздерінің жас санаттары бойынша Almaty Half Marathon жеңімпазы атанды.

Мәреге жеткеннен кейін барлық қатысушыларды Алматы қаласының орталық стадионында чемпионат жеңімпаздарын марапаттау сәті күтіп тұрған еді. Бұл кеш жарқын әрі нағыз спорт мерекесіне айналды.

Серіктес жаңалықтары