×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан жасыл технологиялар бойынша өңірде көшбасшы болуға дайын – Әлия Назарбаева

03.11.2021, 12:59
Қазақстан жасыл технологиялар бойынша өңірде көшбасшы болуға дайын – Әлия Назарбаева
Фото: Әлия Назарбаеваның Facebook парақшасынан

Бұл күндері Глазгода БҰҰ-ның мұрындық болуымен жыл сайынғы Климаттық саммит өтіп жатыр.  Онда Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы атынан Әлия Назарбаева сөз сөйледі.

Ауқымды кездесудің негізгі мақсаты - климат жөніндегі 2015 жылғы Париж келісімін орындауды қорытындылау.

«Өзімнің құттықтау сөзімде мен Қазақстан бастамасымен қолға алынған Жасыл экономикаға көшу жөніндегі өңірлік бағдарлама туралы, 2010 жылы Астана экономикалық форумында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамашылық еткен климатты сақтау мақсатындағы Орталық Азия мен Еуропа елдеріне арналған «Жасыл көпір» бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі айтып бердім», - деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы адамзатты шынымен дүр сілкіндірді. Біз денсаулық пен қоршаған ортаны бағалау секілді құндылықтарымызды қайта таразылауға мүмкіндік алдық. Қазақстан Орталық Азияда жасыл технологиялар трансферті және білім алмасу орталығы мәселесінде өңірлік көшбасшылықты өз мойнына алуға дайын. 

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен өңір елдеріне жүгіндім, климатты сақтау үшін күресте бірлескен іс-қимыл жасауға шақырдым және біздің алаңды аймақтың климаттық мәселелерін шешуге ұжымдық тәсілдерді әзірлеу үшін бірыңғай платформа ретінде ұсындым.

Мен Орталық Азия Климаттық хабын (climate Hub) құра отырып, біз Орталық Азияның орнықты дамуына қол жеткізудегі өзара тиімді мақсаттарды көрсететін бірыңғай өңірлік Климаттық күн тәртібін бірлесіп қалыптастыра алатынымызға сенімдімін.

Біздің ата-бабаларымыз ежелден «Жұмыла көтерген жүк – жеңіл» дейтін», – деді ол өз сөзінде.

Сондай ақ, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы атынан «ортақ үйімізде» тазалық пен тәртіпті сақтау үшін өңір елдерін күш-жігер біріктіруге шақырды.