Кеше Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Иванов ұсталды. Ол пара алу фактісі бойынша қамалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы РФ Тергеу комитетінің Telegram-арнасы жазды.
РФ Қылмыстық кодексінің 290-бабының 6-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен (пара алу) Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Вадимович Иванов ұсталды. Тиісті тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне сәйкес, Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 290-бабының 6-бөлігі ерекше ірі мөлшерде пара алғаны үшін 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.