×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

"Таңдау жасауға мәжбүрлемейміз." Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Қазақстан мен Ресей серіктестігі жөнінде

24.04.2024, 19:25
ҚР СІМ

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі, қазіргі Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанды ынтымақтастыққа шақырды деп хабарлайды,Ulysmedia.kz.

"Біз Қазақстан немесе кез-келген басқа ел нақты таңдау жасап,  Ресейді немесе Қытайды өзінің сауда серіктесі ретінде таңдауы керек деп айтпаймыз. Біз сізді  таңдау жасауға мәжбүрлемейміз немесе, мысалы, Ресей Федерациясын таңдама дей алмаймыз. Біз сіздердің бізбен де сауда қарым-қатынасын орнатқандарыңызды қалаймыз. Біз сіздердің дәл осы  қалаймыз", - деді Кэмерон Астанадағы журналистерге қазақстандық әріптесі Мұрат Нұртілеумен келіссөздерден кейін. 

Ол Англия Қазақстанның серіктесі болғысы келетінін атап өтті. 

 "Біз сіздердің білім беру саласындағы, бизнесті нығайту жөніндегі серіктестеріңіз болғымыз келеді... Сіздерде таңдау бар, сіз біздің серіктес бола аласыз. Бүгінгі кездесудің себебі де осы", - деді Кэмерон. 

 Сапар барысында Қазақстан мен Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлері Мұрат Нұртілеу мен Дэвид Кэмерон стратегиялық әріптестік, сауда және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 

 Ұлыбритания Елшілігінің мәліметі бойынша, құжат білім беру, маңызды минералдар, климаттың өзгеруі, қаржы және іскерлік орта, қорғаныс және қауіпсіздік, Ғылым мен технология, мәдениет және адамдар арасындағы байланысты қоса алғанда, одан да кең ауқымды салаларда екіжақты ынтымақтастықты дамытуға құқықтық негіз болады. 

Серіктес жаңалықтары