×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақстанда қызылша бойынша эпидахуал қандай

25.04.2024, 18:56
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда қызылша жағдайларының тіркелуі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Сенат кулуарында айтты.

Қызылша жағдайларының тіркелуі жалғасып жатыр. Оған қарсы барлық шара қабылдап отырмыз. Атап айтқанда, бүгінде 5 жасқа дейінгі 1,4 млн-ға жуық бала қосымша иммунизациядан өтті. Сонымен қатар 18 жасқа дейін вакцинациядан өтпеген балалар да екпе алып жатыр. Бұдан бөлек жоспарлы вакцинация да бар. Осының бәрі нәтиже берді. Егер де қызылша жағдайы өршіген уақыт – желтоқсан айымен салыстырар болсақ, қазір ай сайын алдыңға айға қарағанда қызылшамен ауырғандардың саны 30 пайызға азайып жатыр. Қызылша өршіген айға қарағанда сырқаттанушылық 2,2 есеге төмендеді, - деді Айжан Есмағамбетова.

Серіктес жаңалықтары