×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

«Оқ-дәрілерді жару кезінде әскери адам қаза тапқан»: Ақтөбе облысында офицер сотталды

26.04.2024, 11:41
Фото: Inform.kz

Ақтөбе гарнизоны әскери соты қызметтегі салғырттығы ауыр зардаптарға әкеп соқтырған деп айыпталған әскери қызметшіге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Әскери соттың мәлімдеуінше, бұйрыққа сәйкес, оқу полигонындағы жарылыс оқ-дәрілерін залалсыздандырып, одан қалған жарамсыз металл қалдықтарын тазалау жұмыстары сотталушы Ө-ге жүктелген. Алайда ол өзінің қызметтік міндеттеріне салғырт қарап, оқу полигонын тазарту жұмыстарын ауызша бұйрығымен әскери қызметші О.-ға тапсырған.

Өз кезегінде О. сотталушыға оқ-дәрілерді залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды толық аяқтамай, оқу полигонын тазарту жөніндегі тапсырманың орындалғаны туралы баяндаған.

Осы оқу полигонында тұрмыстық қалдықтарды жинау барысында алдыңғы оқу полигонындағы жарылыстан қалған залалсыздандырылмаған қалдықтарының арасында белгісіз оқ-дәрі жарылып, салдарынан бір әскери қызметші қаза болып, екінші әскери қызметші ауыр дене жарақатын алған.

Сотталушының кінәсі дәлелдердің жеткілікті жиынтығымен дәлелденді: жәбірленушілердің айғақтары, куәгерлер, сарапшылардың, мамандардың қорытындылары, заттай дәлелдемелер, тергеу әрекеттерінің хаттамалары және т.б.

Тараптардың ұстанымы

Жәбірленуші тарап жазаның қатаңдығы туралы мәселені соттың қарауына қалдырды.

Сотталушы Ө. кінәсін мойындамай, қылмыс белгілерінің жоқтығына байланысты ақтауды сұрады.

Соттың шешімі

Сот сотталушының жас балаларының болуын, алғаш рет қылмыстық жауаптылыққа тартылуын, жұмыс орнынан оң мінездемесін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

Сот сотталушы Ө.-ні ҚК-нің 453-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жәбірленушінің пайдасына 7 млн теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары