×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Облыс әкімінің орынбасары жиналысқа 100 темір шелек әкелді. Неге?

26.04.2024, 22:45
lada.kz

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Жұмабай Қарағаев жиналысқа 100 шелек әкелді деп хабарлайды Ulysmedia.kz  Lada.kz сілтеме жасап. 

Текше метр судың көлемін көрсеткісі келген

Оқиға Ақтау қаласында “МАЭК” ЖШС өкілдері мен Маңғыстау облысы әкімдігінің бірлескен жиналысында болған. Бұл  ауыз су тарифініңкөтерілуіне байланысты қоғамдық тыңдау екен. Жиналыстың сәнін келтірген Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Жұмабай Қарағаев болды. Шенеунік жиынға жүз темір шелек әкеліп, оны ортаға қойды. Осылайша ол бір текше метр судың қаншалықты көп екендігін көрсеткісі келген.  

“Біз ойланбастан, газдалмаған ауыз суды 498-500 теңгеге сатып аламыз. Мұнда 100 шелек бар. Осының 60 шелегіне су толтырсаңыз, онда  MAEK секундына осынша суды өндіре алады деген сөз. Біз орташа тариф 398 теңге болуы керек деп отырмыз. Мен бұған осы отырған әрқайсыңыздың көз жеткізгеніңізді қаладым. Біздің  "текше метр" су дегенге құлағымыз үйрене бастады. Қайрат Болатұлының айтуынша қазірдің өзінде  ( “МАЭК” директоры) саяжайда тұратын кейбір азаматтар, мысалы, суару үшін ауыз суды пайдаланады,“- деді Жұмабай Қарағаев. 

Ал, жүз шелекті әкім орынбасары дүкендердің бірінен уақытша сұрап алған екен.  

Эксперимент үшін Қарағаев бір шелекті бес литрлік бөтелкемен толтырып көрсеткісі келген еді. Бірақ залда отырғандар шенеуніктен олай істемеуін сұрады.   

 

Серіктес жаңалықтары