×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Димаштың ағылшын тілінде жаңа әні жарыққа шықты

28.04.2024, 12:14
Жеке парақшадан

Әлемге әйгілі әншіге айналған Димаш Құдайбергеннің ағылшын тілінде жаңа әні жарыққа шықты. Бұл туралы өнер иесі өзінің әлеуметтік желісінде бөлісті, деп жазады Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, "Smoke" әні алғаш рет Гонконг төрінде шырқалған.

"Менің "Smoke" атты жаңа туындым бұдан былай барлық музыкалық платформаларда қолжетімді. Естеріңізде болса, мен бұл әнді алғаш рет Гонконгтағы жеке концертімде орындаған болатынмын. Бұл ән тыңдарманның жылы лебізіне де ие болып үлгерген еді. Осы орайда достарым Кэндис Келли мен Дмитро Гордонға аталмыш туындыны жасауға үлес қосқандары үшін ерекше алғыс айтқым келеді.

Ән сіздердің көңілдеріңізден шықты деген үміттеміз! Жақында Будапешт пен Стамбулда өтетін жеке концерттерімде кездескенше!", - деп жазды ол. 

Естеріңізге салсақ, Димаш Құдайберген тасқыннан зардап шеккендерге 15 млн теңге аударған болатын.

Серіктес жаңалықтары