Әлеуметтік желіде ерекше тойдан видео тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жас жұбайлар халал тойда «Жар-жар» әнінің орнына Құран сүресінің сүйемелдеуімен ортаға шыққан. Көпшіліктің айтуларына қарағанда, той Жаңаөзен қаласында болғанға ұқсайды.
Видеодан көрінгендей, той қонақтары, тіпті, әйелдер мен ер адамдар болып екіге бөлініп, жамағатпен бірге ақшам намазын оқыған.
Дегенмен бұл той желі қолданушыларға ұнамай қалған секілді. Олар той иелерін «адасқан діншілдер» деп атап, намазды мешітте оқу керек екенін айтып жатыр.
«Уахабистер не істерлерін білмей жатыр ғой. Не қазақ емес. Он жерден араб болам десең бола алмайсыңдар. Арабтар бұларды қабылдамайды», «Беті аулақ, не істерлерін білмей жатыр», «Болашағымыз қандай болады, қорқынышты», «Алланы әбден мазақ етті», «Құран бұларға мазақ болды ғой, Құдай төбелерінен қос қолдап ұрса екен», «Мешітте жасамай ма тойды, ресторан таза жер емес қой», «Намазды үйде немесе мешітте оқу керек», — деп жазып жатыр желі қолданушылары.