×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Cолтүстік Кореяда ашыққан жұрт қарақудың етін жей бастады

04.11.2021, 09:21
Cолтүстік Кореяда ашыққан жұрт қарақудың етін жей бастады
Фото: Ашық дереккөзден

Солтүстік Корея тұрғындары қарақудың етін тұтына бастады. Халықаралық санкциялар мен пандемияның кесірінен қазір елде азық-түлік тапшылығы туындаған, деп хабарлайды BBC.

Тіпті 2019 жылдың өзінде ел билігі мектептер мен кәсіпорындарға өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін кез-келген нәрсені өсіруге, өндіруге тапсырма берген екен. Бүгінгі таңда солтүстікореялық бұқаралық ақпарат құралдары «қарақудың еті дәмді әрі пайдалы» деп жарыса жазып, насихаттауда.