×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Ресейде сотталған қазақстандықтарды Украинаға қарсы соғысқа алып кете ме

29.04.2024, 17:59
Ресейде сотталған қазақстандықтарды Украинаға қарсы соғысқа алып кете ме
Shutterstock

Тергеуде жүрген немесе Ресей түрмелерінде отырған Қазақстан азаматтары Украинаға қарсы соғысқа алынып жатқаны туралы интернетте ақпарат тараған. Мұның мән-жайы бүгін Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтан сұралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Бұл қате ақпарат, Қазақстанның Ресей түрмелерінде жазасын өтеп жатқан немесе тергеуде жүрген бірде-бір азаматы әскери әрекетке тартылмаған. Мен сізге кепілдік бере аламын, - дейді Айбек Смадияров.

Бұл ретте СІМ өкілі қателесіп соғысқа барғысы келген қазақстандықтар туралы айтты.

– Қазақстанның 10-ға жуық азаматы тергеуде екендігі фактілері бар. Бірақ біздің мәліметтеріміз бойынша, олар Telegram арналарында, әлеуметтік желілер арқылы жұмыс тауып, сол үшін барған. Біз олармен бірнеше рет байланысқа шықтық, консул оларға бірнеше рет барды, жеке кездесті және барлық айыптаулардың дұрыстығын қадағалап отырды. Консулдық және құқықтық көмек оларға көрсетіліп жатыр, - деді ол.