×
498.55
524.28
4.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.55
524.28
4.75

150 миллион теңгені жымқырған: ҚТЖ қызметкерлеріне қатысты үкім шықты

29.04.2024, 21:35
150 миллион теңгені жымқырған: ҚТЖ қызметкерлеріне қатысты үкім шықты
Әлеуметтік желіден

Астанада “Қазақстан Темір Жолына” қарасты  " Әскерилендірілген темір жол күзеті" ЖШС-нің бұрынғы басшыларына қатысты үкім шықты деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Бөлісіп алған

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты " Әскерилендірілген темір жол күзеті" ЖШС-нің бұрынғы басшыларына қатысты  берген үкім шығарды. 

Сотта Әскерилендірілген теміржол күзетінің бас директоры өзінің орынбасары және бас менеджерімен бірге бейнебақылау жүйесіне арналған жабдықтарды сатып алуға арналған 159 млн теңгеден астам қаражатты бөлісіп алғаны айтылды. 

Сонымен қатар, Бас директор өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып, менеджерді Компанияның құрылымдық бөлімшесіне жүргізуші ретінде жұмысқа орналастырған. Және компанияға 1,5 млн теңгеден астам шығын келтіріп, оған жалақы төлеген.  

Үкім шықты

Бас директор мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. 

Басқа сотталушылар жеті жылға бас бостандығынан айырылды. 

Келтірілген шығын кінәлілер тарапынан өтеледі.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.