×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Екі мегаполис пен Түркістан облысында жемқорлық өршіп тұр

04.11.2021, 10:56
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың негізгі ошағы Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы және Түркістан облысы, деп хабарлайды finprom.kz

 2021 жылғы қаңтар–қыркүйекте елімізде 1,4 мың сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда  33,3% - ға кемігенін көрсетеді.

Өңірлер арасында елордада 140 оқиға тіркелген. Екінші орында  Алматы қаласы. Оңтүстік астанада  135 жағдай анықталған.  Одан кейін  Түркістан және Жамбыл облыстары (107 жағдай).  Сыбайластық қа қатысты қылмыстары саны  Маңғыстау облысында  азайып келеді екен. Жыл басынан бастап қыркүйек аралығында 43 жемқорлық дерегі белгілі болған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 47,6% - ға аз.

Сыбайлас жемқорлық бойынша анықталған қылмыстардың үштен бірі пара беру екен.  Одан кейін алаяқтық.   Бұдан соң сеніп тапсырылған  мүлікті иемдену немесе ысырап ету (жылына 141 қылмыс) және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану (120 жағдай) оқиғалары.

Жыл басынан бері 739 адам сотқа тартылған.   Әсіресе, мемлекеттік органдар арасынан әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшілерінің қызметкерлері жемқорлыққа жиі жол береді екен. Одан кейін  ішкі істер органы мен қаржы министрлігінің мамандары сыбайластық үшін жазаға тартылуда.  

Сондай-ақ, биылғы үш тоқсанның қорытындысы бойынша 4 судья мен 3 әкімнің сыбайластыққа қатысы бары  анықталған.  

Серіктес жаңалықтары