АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Ресейден байытылған уранды импорттауға тыйым салу амалын қарастырып жатыр. Бұл туралы Bloomberg өз дерекөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Агенттік атап өткендей, 2023 жылдың желтоқсанында жобаны АҚШ өкілдер палатасы қабылдады, бірақ оны сенат әлі мақұлдамаған.
Уран импортына тыйым салу үшін президент әкімшілігі атқарушы билікті қолдана алады. Сонымен қатар, Bloomberg атап өткендей, Ақ үй мен атом өнеркәсібінің өкілдері тыйым салуды Конгресстің заң жобасын қабылдауы арқылы енгізуді жөн көреді, өйткені бұл жағдайда оны жою қиынырақ болар еді.
АҚШ Ресейден жылына шамамен бір миллиард доллардың уранын сатып алады. Ақ үй ресейлік уран көздеріне тәуелділік "АҚШ экономикасына қауіп төндіреді"деп мәлімдеді. Сонымен қатар, Bloomberg жазғандай, жеткізушіні ауыстыру қиын болуы және уран құнының 20 пайызға өсуіне әкелуі мүмкін.