×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста жекпе-жек өткізеді

30.04.2024, 17:26
Фото: ашық дереккөз

Орта салмақ дәрежесіндегі WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

RingPolska сайтының мәліметінше, Жәнібек Әлімханұлы 13 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін бокс кешінде жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы әлі белгісіз. Әлімханұлына қарсылас болуы мүмкін боксшылардың бірі – WBC белбеуінің уақытша иегері Карлос Адамес (23-1, 18 КО).

Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 2023 жылдың 15 қазанында жекпе-жекке шығып, Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7 КО) алтыншы раундта нокаутпен жеңген еді. Осылайша, WBO және IBF ұйымдарының чемпиондық белбеулерін ұтып алды. 

Серіктес жаңалықтары