Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанда Pfizer вакцинасы жеткізілетін күнді атады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Pfizer вакцинасы Қазақстанға осы жылдың 8-14 қарашасы аралығында жеткізіледі деп күтіп отырмыз», - деді ол үкіметтің кулуарында.
Оның айтуынша елге аталмыш вакцинаның шамамен 4 млн дозасы жеткізіледі. Препарам халық санына байланысты өңірлерге таратылады.
«Медицина қызметкерлері де оқытылды. Вакцина жеткізілген сәттен бастап меніңше, біз жұмысты бірден бастап кетеміз», - деді ол.