×
$
447.73
€
502.98
₽
5.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.73
€
502.98
₽
5.35

Өскеменде тұрғын үйден өрт шықты: бес адам эвакуацияланды

01.05.2024, 14:56
Өскеменде тұрғын үйден өрт шықты: бес адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ

Өскеменде пәтердегі өрт кезінде құтқарушылар бес тұрғынды эвакуациялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Өскеменде бес қабатты үйдің 4-қабатында орналасқан пәтерде жиһаз, жеке заттар өртенді.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшелері бес тұрғынды эвакуациялады, олардың біреуі – бала.

 

Өрттің аумағы – 3 шаршы метр, ол дереу сөндірілді.