×
475.18
510.72
5.47
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.18
510.72
5.47

Бастығынан бастап 32 адам сотталды – Астана арнайы ХҚО-дағы қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты

03.05.2024, 09:50
Фото: Скриншот

Антикор мемлекетке 1,2 млрд теңге көлемінде залал келтірген арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығында жасақталған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Антикор хабарламасы

Құзырлы органның мәліметінше, қылмыстық топтың ісі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған. Олар заңнамада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қоюмен айналысқан. Арнайы ХҚКО мен полиция қызметкерлеріне және азаматтық тұлғаларға сотталды.

– Олар ұйымдасқан топ құрып, басшылық жасау, мемлекетке мүліктік залал келтіру, «Web-Модуль» ҚКО» және «ХҚКО ИАЖ» ақпараттық жүйелерінде көлік құралдары туралы мәліметтерді заңсыз енгізу және жою, мәмілелердің жазбаша нысандарын қолдан жасау бойынша айыпты деп танылды. 2022 жылдың қаңтарынан мамырына дейін қылмыстық топ шетелден әкелінген 462 автокөлікті заңсыз тіркеген. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 1,2 млрд теңгені құрайды, – делінген хабарламада. 

Үкім

Сот үкімімен 32 адам сотталған. Оның ішінде қылмыстық топтың ұйымдастырушылары - Астана қаласының №2 мамандандырылған ХҚКО басшысы Ш. Бөкебаев пен Астана қаласының Арнайы ХҚКО мамандары А. Там-Оглы мен Х. Там-Оглы 9 жыл бас бостандығынан айырылған. Топтың 5 қатысушысы 6 жыл бас бостандығынан айыру, ал жазаның әртүрлі мерзімдері бойынша 17 «көмекшіге» бас бостандығынан айыру және шектеу түріндегі жаза тағайындалған.

Сондай-ақ, 7 қызметкер 2 жыл 6 айдан бастап бас бостандығын шектеуден 3 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Олар арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойы айырылды.

Сот процесі Астана қаласы Полиция департаментінің жеке құрамының, сондай-ақ Астана қаласы арнайы ХҚКО қызметкерлерінің қатысуымен өткен. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Арнайы ХҚО-дағы өзгеріс

Сонымен қатар, тергеу барысында арнайы ХҚКО маманы көлік құралдары иелерінің қолтаңбаларын қолдан жасау фактілері автокөліктерді сатып алу-сату мәмілелерінің жазбаша нысандарында анықталды.

ҚР ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде енгізілген «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға ұсынымның нәтижесінде автомобильдерді тіркеу қағидаларына автокөлік иесінің ЭЦҚ-кілтін міндетті түрде пайдалана отырып, мәмілелердің электрондық нысанынан жазбаша нысанды алып тастау туралы өзгерістер енгізілген. Мұндай өзгеріс автокөліктерді сатып алу-сату шартын жасасу кезінде авто иелерінің қолдарын қолдан жасау бөлігінде жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды. 

Серіктес жаңалықтары