×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Өмірге қауіп төндіреді: кене шақса не істеу керек

Өмірге қауіп төндіреді: кене шақса не істеу керек
Фото: pexels.com

Күн жылынысымен көбі табиғат аясына демалуға шығып, сейіл құрады. Алайда адамдар кейбір қарапайым ережелерді сақтамай, түрлі жәндіктерден зардап шегіп жатады. Сондай жәндіктің бірі – кененің кесірінен адам түгілі мал да қырылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Адам өліміне әкелуі әбден мүмкін

Кене шағып алған жағдайда не істеу керек, ол адам өміріне қаншалықты қауіпті? Одан қалай қорғануға болады?

Мамандардың айтуынша, адам үшін кененің шағуы кауіпті емес. Кененің сілекейімен немесе кененің жаншығанда қанға түсетін вирустары өте қауіпті көрінеді.

Кенелердің қауіп төндіру кезеңдері жыл мезгілінің көктем айларынан бастап жаздың соңғы айларына дейін жалғасады. Кененің негізгі қорегі қан болғандықтан ол адам өміріне өте қауіпті. Адам өліміне әкелуі әбден мүмкін. Теріге енген кенені бірден алып тастау оңайға түспейді. Сол себепті кене шаққанда алдымен дәрігердің көмегіне жүгінген жөн. Бізде арнайы кене алатын құрал бар. Ол тиквестер деп аталады. Сонымен алып тастаймыз, ауруды жұқтыру кененің қан сору кезінде болады. Яғни, теріден алынған кенелерде вирустардың бар-жоғын анықтау үшін бірінші кезекте зертханаға сараптамаға жіберу керек.

Қолыңызда пинцет болмаса, оны жіп ілгегімен немесе оған вазелин жағу керек немесе өсімдік майын құю керек, себебі кене толығымен жабылуы керек. 5 минуттан кейін жіпті тарта бастау керек. Сол кезде 15-20 минут ішінде кене жойылады. Сосын ол аумақты йодпен немесе спиртпен зарарсыздандыру керек, - дейді инфекционист, паразитолог Рабиға Нүсіпова.

Кене бірден тістемейді...

Дәрігердің айтуынша, кенеден қорғану үшін ағаштардан, жапырақты тоғайлардан қашқан жөн және жалаң аяқ шөпті баспау керек.

Кенені сығып немесе жарақаттау арқылы теріден шығаруды тіптен ойламаңыз. Олай жасаған жағдайда ондағы вирус бүкіл денеге тарап, жүйке жүйесіне қауіп төндіруі мүмкін. Сондай-ақ адамның денесінде кене неғұрлым ұзақ болса, аурудың даму қаупі соғұрлым жоғары болады. Дегенмен кене ара емес, бірден тістемейді және оған екі сағат қажет. Сондықтан уақтылы тексеру көбіне барлық проблеманы жояды. Олар ұшпайды, секірмейді. Сондықтан қорғану үшін ағаштардан, жапырақты тоғайлардан қашқан жөн және жалаң аяқ шөпті баспау керек, - дейді маман.

Жәндіктен қалай қорғануға болады

Инфекционист маман кенелер түрлі жұқпалы ауруларды таратушы жәндіктер болғандықтан, одан қорғануға кремдер көмектеспейтінін айтады.

Дәрігердің сөзіне қарағанда, бірінші кезекте қыс айларының басында кене энцефалитіне қарсы екпе жасату қажет.

Сондықтан көктем, жаз мезгілдерінде, әсіресе, ағаш, шөп көп кездесетін аумақтарда ұзақ уақыт болсаңыз жеңі ұзын киімдерді кию керек. Ал дененің ашық жерлеріне аэрозоль, түрлі кремдерді жағып қою кенеден қорғануға за да болса әсерін тигізеді. Және ол кремдерді 1-2 сағат сайын жағып тұру керек. Шаштың түбіне де арнайы спрейлер жаққан абзал, - дейді Рабиға Нүсіпова.

Кене шаққанын қалай білуге болады

Бірден байқалмаса да, оның басты белгілері:

  • дененің қалтырауы;
  • кейде дене қызуы 37-39 градусқа дейін көтеріледі:
  • терінің бөртіп қызаруы;
  • бастың қатты ауыруы;
  • бұлшықеттің ауыруы;
  • әлсіздік;
  • тәбеттің жоқтығы;
  • тыныс жолдарының қабынуы.