×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Елімізде бірнеше кредиті бар азаматтар да несиеге көлік ала алады

03.05.2024, 13:55
Елімізде бірнеше кредиті бар азаматтар да несиеге көлік ала алады
Фото: ubrr.ru

Қазақстанда бірнеше кредиті бар азаматтарға да автонесие берілуі мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулыға өзгерістер енгізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаулы жобасына сәйкес, жаңа автокөлік сатып аларда қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентін есептеуге қойылатын талаптар өзгертіледі.

Осылайша енді бірнеше несиесі барларға да автокредит берілуі мүмкін.

Банк автонесиені мақұлдаған соң, көлік кепілге қойылады. Егер қарыз алушы кредитін өтемесе, банк автомобильді сату арқылы берешекті жабады.

Автокөліктің нарықтағы орташа құны тәуелсіз бағалау немесе банктің бағалауы негізінде анықталады.

Қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжат 15 мамырға дейін талқыланады.

Айта кетейік, бұл бастама отандық автомобиль өнеркәсібін дамыту және жеңілдетілген автонесие аясында көлік сатуды қолдауға және ынталандыруға бағытталған.