Оқиға Қызылорда облысы, Шиелі ауданында болған. Ер азамат кене шаққаннан кейін дер кезінде дәрігерге қаралмаған деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
Дәрігерге қаралмаған
"Кене шағып алғаннан кейін ер адам медициналық мекемеге бармаған. Ол туыстарымен араласып, шаруа қожалығына жұмысқа барып, ауруды асқындырып алған. Оны бізге ауруханаға бірнеше күннен кейін әкелгенде жағдайы ауыр болды. Қажетті медициналық көмек көрсетілді, бірақ науқас дәрігерлерге кеш жүгінгендіктен құтқару мүмкін болмады",-деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Әділбай Медетбаев.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әлия Әбдікайымова брифингте айтып өткендей, өңірде қызба дертінің пайда болғаны сәуір айында расталған. Биыл жыл басынан бері 108 қызылордалық осындай күдікпен ауруханаға түскен.
Дәрігерлер әлі жаз шықпаса да, Қызылорда облысында өте ыстық екенін және кенелер ерте жанданғанын атап өтті. Аймақтың климаты кенелердің көбеюіне қолайлы, өйткені жазы ыстық, ауа температурасы жоғары.
12 мыңға жуық кене
2024 жылдың наурыз айынан бастап Қызылорда облысында зоопаразитологиялық топпен бірлесіп кенелер жиналады. Бүгінгі таңда 12 мыңға жуық кене жиналды, оның ішінде 1331-ден сынамалар алынды. Олардың 13 – і конго-қырым безгегіне оң нәтиже берді.
Дәрігерлер облыс тұрғындары дала аймақтарында және мал аулаларының жанында болған кезде барынша сақ болу керектігін еске салды. Егер конго-Қырым геморрагиялық қызбасының белгілері анықталса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Марат Құрманбаев Қызылорда облысында 115 елді мекен қолайсыз деп танылып, кенеге қарсы дезинфекция жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ол 8 маусымға дейін жалғасады.