×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Депутаттың күйеубаласы, әйелі бизнес-леди: жаңа цифрлық даму министрі жайлы не білеміз

07.05.2024, 09:28
Депутаттың күйеубаласы, әйелі бизнес-леди: жаңа цифрлық даму министрі жайлы не білеміз
Коллаж: ulysmedia.kz.

Цифрлық даму министрінің креслосына 40 жастағы Жаслан Мәдиев жайғасты. Ол барған саласымен таныс – бұрын да сол министрлікте еңбек еткен. Бағдат Мусиннің бірінші орынбасары болған. Ulysmedia.kz тілшісі жаңа министрдің кім екенін тереңірек зерттеп көруге тырысты.

Отбасымен экономист

Жаслан Мәдиевтің атышулы жанжалдарда аты шықпаған. Жоғары білімі бар, дипломының бірін халықтың ақшасына алған. Яғни, Колумбия университетінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқыған. Оның бүкіл мансап жолы қаржы саласымен тікелей байланысты болды: Самұрық-Қазынада, Қазақстан даму банкінде, Ұлттық банкте жұмыс істеді, Ұлттық экономика вице-министрі болды. 

Оның әкесі Хасен Мәдиев бұрын Қазақтелекомда жұмыс істеген, ол да қаржы саласына жауапты болған. Ашық дереккөздерде оның ұлттық компанияда 2008 жылға дейін еңбек еткені жөнінде деректер бар.

Жаңа министрдің ағасы Олжас Мәдиевтің ізі мемлекеттік сатып алу порталынан табылды. Онда ол Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының қызметкері ретінде белгіленген. Бұл – 2020 жылғы деректер.

Депутатпен туыстық қатынасы

Жаңа министрдің жұбайы – Майра Тұрғанова. Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғановтың қызы. Айтпақшы, Ақордадан бұрын Мәжіліс депутаттары Жаслан Мәдиевтің цифрлық даму министрі лауазымына лайықты деп таныған-тын. Бұл үшін экономикалық реформа комитеті жауапты. Ол комитетте жаңа министрдің қайынатасы жоқ – ол экология саласымен айналысады.

Депутаттың қызы мен жаңа министр басшысы 14 жылдан бері ерлі-зайыпты.

Мәдиевтің зайыбы жөнінде ақпаратты тәуелсіз директорлардың ұлттық тізімі порталынан табуға болады. Оның шетелдік білімі де "Болашақ" бағдарламасымен байланысты. Ол "Бәйтеректе", АХҚО-да және "Қашаған" құрылымында жұмыс істеген.

Сонымен қатар, Майра Тұрғанова да кәсіпкер. Ол  Bateel Kazakhstan компаниясының құрылтайшысы. Бұл премиум-класты шоколадпен құрма өндіретін франшиза. Кеңселері өте қымбат жерлерде орналасқан: елордадағы Tallan Gallery-де, Алматыдағы Dostyk plaza-да тұр. Stats net деректері бойынша былтыр компанияның кірісі 2,3 млрд теңгені құраған.

Дұрыс серіктестік

Министрдің жұбайының тағы бір тірлігі – Keleshek social fund, бірақ заңды тұлғалардың мәліметтер базасында мұндай қор туралы ақпарат жоқ. Мұндай атауды 2GIS тек дұрыс тамақтану кафесі, СПА және модельдеу агенттігін көрсетеді.

Оның құрылтайшылары Мәми Айнұр Қайратқызы. Бұл Жоғарғы соттың бұрынғы басшысы Қайрат Мамидің қызы деп болжауға болады. Айнұр Мәми Асқар Жұмағалиевтің әйелі. Қазір ол Қазақстанның Нидерландыдағы елшісі, ал 2019 жылдан 2020 жылға дейін дәл осы цифрлық даму министрлігін басқарған. 

Жаңа министрдің әйелі мұражайларға мамандандырылған компанияға ие. Бұл "Science for all" ЖШС. Statsnet деректері бойынша ол Tallan Gallery-де орналасқан.

Осылайша, жаңа министрдің туыстары да мықтылар қатарынан болып шықты. Отбасының табысты бизнесі, Парламентте қорғаны бар. Мұртын балта шаппайтын секілді ме, қалай?