×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Полиция ғимаратына жасалған шабуыл: 31 жыл бұрын қаза тапқан полицейдің есімі ұлықталды

07.05.2024, 12:24
Полиция ғимаратына жасалған шабуыл: 31 жыл бұрын қаза тапқан полицейдің есімі ұлықталды
ІІМ

Ішкі істер министрлігінде Отан қорғаушы және Ұлы Жеңіс күндері атап өтілді. Ел амандығы үшін күні-түні қызмет етіп жүрген сақшылар мен айбынды ардагерлерге құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы порталы Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

 

Айтулы күні соғыс ардагері Құрмат Рахимов “Құрмет” орденімен марапатталды. Сұрапыл соғыста табандылығымен елді жаудан қорғаған ақсақал бүгінде 100 жасқа толып отыр.

Тәуелсіздік жылдары қызмет бабында ішкі істер органдарының 800-ден астам қызметкері көз жұмған. Солардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысының Ленин ауданы Ішкі істер басқармасының аға инспекторы Анатолий Добрынин. Ол 1993 жылы полиция ғимаратына жасалған қарулы шабуылға тойтарыс беру кезінде қаза тапты. Қасындағы әріптесі Серік Оразалинмен бірге қаскөйлерге қарсы тұрып, табельдік қаруды басып алуға жол бермеген.

– Екі офицердің әрекеті жоғары бағаланып, мемлекеттік наградалар өз батырларын 31 жылдан кейін тапты. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Архивтерді зерделейміз. Ерліктері бағаланбай, көлеңкеде қалып қойған батырлардың есімдерін ұлықтайтын боламыз! – деді Ержан Саденов.

Марқұм Анатолийдің марапатын – “Ерлігі үшін” медалін бауыры Юрий Добрынин алды. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. Елім дейтін ерлердің құрметіне әуезді әндер шырқалып, күмбірлеген күй де төгілді.