Халыққа электр энергиясының қолжетімділігі бойынша Еуропа елдерінің рейтингінде Қазақстан тарифтері ең төмен мемлекет ретінде көш бастауда деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Еліміз, сондай-ақ, орташа жалақысы тұрғысынан қолжетімді электр энергиясының саны жөнінде үздік ондыққа кіруде. “Риа Рейтинг” сарапшылары солай деп отыр. Осылайша, зерттеушілер рубльмен алғанда Қазақстанда киловатт-сағат 2,3 рубль тұрса, одан кейін 3,6 рубльмен Ресей және 4,5 рубльмен Украина орналасқан. Бүгінде 1 рубль 6 теңгені төңіректеуде.
Ал электр қуатын ең көп Исландия мен Норвегия тұтынатыны айқындалуда – 2019 жылы жан басына шаққанда 52,5 және 23,8 мың кВт/сағ. Бұл жерде Қазақстан 5,2 мың кВт/сағ көрсеткішпен 143 елдің ішінде 41-ші орынды иеленіп, Қытайды артта қалдырды.
Айтпақшы, мәліметке жүгінсек, Қазақстанда тұрғындар 100% толық электр қуатымен қамтылған. 204 елдің арасында Тәжікстан 99,3 пайыз электрмен жабдықталса, Буркина-Фасо, Чад және Бурундиде адамдар 15%-дан аз жарықтың қызығын көруде.
Биыл ҚР-да электр қуатының өндірісі де (7,7%), оны тұтыну көлемі де өсті (7%). Баға ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысында ел бойынша орташа алғанда 6,2%-ға қымбаттады.