×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

«Өзі түсіме кіріп денесі қайда жатқанын айтты»: Риддерде 36 жастағы тұрғынның мәйіті табылды

07.05.2024, 15:58
yk-news.kz

Риддерде жоғалған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы YK-news.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Риддердің 36 жастағы тұрғыны Рамиль Ғазизов былтыр желтоқсан айының соңында қаладан 50 шақырым жерде орналасқан учаскеге ақша табуға кеткен. Әпкесінің айтуынша, бұл учаскеде орман ағаштары жиналып, ағасы сол жаққа күзетші ретінде барған. Алайда із-түссіз жоғалған. Рамиль жатқан вагонда заттары шашылып, әйнек сынған.

Рамильдің әпкесі оның сүйегі сол вагоннан шамамен жүз метр қашықтықтан табылғанын хабарлады.

– Бірнеше күн бұрын Рамиль менің түсіме кіріп, өзін қайдан таба алатынымды көрсетті. Мен сол айтқан шыршаға шықтым. Соның астынан жақын маңда денесі жатыр екен. Біз оны киімінен таныдық, бірақ әзірге сараптама қорытындысын күтеміз, - дейді әпкесі.

Серіктес жаңалықтары