×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Атырауда қаруы бар сарбаз әскери бөлімнен қашып кеткен

08.05.2024, 17:35
Атырауда қаруы бар сарбаз әскери бөлімнен қашып кеткен
Фото: tenbook.ru

Атырауда биыл әскерге шақырылған сарбаз қарумен әскери бөлімнен өз бетінше шығып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

2024 жылғы 8 мамырда Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі бекітілген қаруды алып, бөлімді өз еркімен тастап кету фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта әскери қызметші бөлім аумағында. Зардап шеккендер жоқ. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді, - деп мәлімдеді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Атырау гарнизонының баспасөз қызметі.

Сарбаз полицейлерге оқ атқан

Кейбір мәліметтерге қарағанда, әскери бөлімнен қашқан сарбаз – Көкшетау қаласының тумасы. Ол әскерге биылғы 18 сәуірде шақырылған.

Atyrau Online Telegram-арнасы сарбазды тұтқындамақ болғанда ол қарудан оқ атқанын жазды. Бұдан кейін әскери бөлім қызметкерлері мен полицейлер «Арлан» арнайы жасағы мен ҰҚК қызметкерлерін шақырған. Сарбаздың қолында АК-74 автоматы болған.