×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресей Қазақстаннан Украинаға көмір транзитін тоқтатты – ресми Киев

05.11.2021, 12:42
Ресей Қазақстаннан Украинаға көмір транзитін тоқтатты – ресми Киев
Фото: Ашық дереккөзден

Мәскеу Қазақстаннан Украинаға көмір транзитін тоқтатты, дейді Жоғарғы Рада энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің басшысы Андрей Герус.

Бұл туралы РиаНовости. хабарлайды. Андрей Гарустың айтуынша, қараша айында барлық тасымал  бұғатталған. Ресей темір жолдары Ресей арқылы «көмір бар вагондардың өткенін» растамады, деп жазды Telegram-да.

Дегенмен, ол шектеу тек энергетикалық көмірге қойылғанын, кокстелетін көмірдің жеткізілуіне әсер етпейтінін айтты.

Герус қазан айының соңында 1 қарашадан бастап украиндық ЖЭС үшін ресейлік көмір тасымалы тоқтатылатынын мәлімдеді. Бұл ақпаратты РИА Новостиге Экономикалық даму министрлігі растады. Бұл Ресейдегі энергетикалық көмірге деген қажеттіліктің артуына байланысты. Сонымен бірге, қараша айында ресейлік компаниялар Украинаға көмірдің басқа түрлерін жеткізуді жалғастырады.

Қыркүйек айында Украинаның Энергетика министрлігінің басшысы Герман Галущенко Украинада жылыту маусымы үшін көмір тапшы екенін сондықтан өз өндірісі мен импортын арттыруға ниетті екенін атап өтті. Ал Премьер-министр Денис Шмыгаль Еуропадағы энергодағдарысқа қарағанда ел жылыту маусымына жүз пайыз дайын екенін айтты.