Ол мектеп құрылысын бақылау кезінде пара алған деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
Шенеунікпен қатар жеке компанияның өкілі де жаза арқалады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше Ақтау қалалық сотында Маңғыстау құрылыс басқармасының басшысы мен "Аско Сервис Шетпе"ЖШС жеке компаниясының өкіліне қатысты үкім шығарылған.
5 миллион теңге үшін
Олар мектеп құрылысы бойынша техникалық қадағалау қызметтерін мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін 5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
3,5- 2 жыл
Шенеунік 3,5 жылға, компания өкілі 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ...
"Агенттіктің Жетісу облысы бойынша департаменті еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жаты
Ол мүгедектікті ұзартқаны және тағайындағаны үшін 2-ші және 3-ші санаттағы мүгедектерден жүйелі негізде 20-дан 25 мың теңгеге дейін делдалдар арқылы пара алды деп күдікке ілінген.
Сот күдіктінің кінәні толық мойындауына байланысты "электронды білезікті" қолдана отырып, "үй қамағына алу" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", - деп хабарлады Антикор.