Былтыр Қазақстан Ресейден спирттік ішімдіктердің жартысын сатып алып, "ресейлік арақтың ең ірі импорттаушысы" атағын сақтап қалды. РИА Новости ақпарат көзі ашық статистика деректеріне сүйене отырып осылай ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Былтыр Ресей 59,7 миллион долларға спирттік ішімдік түрлерін сатқан. Оның жартысына жуығы (27,9 миллион доллар) Қазақстанға кетен. Ел ресейлік арақтың ең ірі импорттаушыларының тізімінде бірінші орынды иеленді, бірақ 2022 жылмен салыстырғанда Қазақстаннан Ресейге түскен сома 26% азайған.
Ресейдің спирттік ішімдіктерін ең көп сатып алатын екінші ел – Израиль. Ол мемлекет бірден 42% – 12 миллион долларға дейін арттырған.
Үшінші орында 4,5 миллион долларлық көлеммен Армения тұр.