Украина президенті Владимир Зеленский Ресей армиясы Харьков облысында жаңа шабуыл бастағанын айтты, деп хабарлады Ulysmedia.kz
Зеленский Харьков облысына қосымша күштер жіберілгенін айтты. Ол Украина армиясы басқыншыларға тойтарыс береді деп мәлімдеді.
– Біз басқыншылардың саны қанша екенін түсінеміз, олардың пиғылын да білеміз. Жауынгерлеріміз, артиллериямыз, дрондарымыз басқыншыға соққы береді. Мен біздің позициямызды дәл солай қорғайтын әрбір сарбазға, әрбір сержантқа, әрбір офицерге ризамын.
Біз Харьков бағытына қосымша күш қосамыз. Мемлекеттік шекарамыздың бойында да, бүкіл майдан шебінде де әрдайым басқыншы Ресейдің кез келген шабуылын тойтарамыз, - деп жазды ол әлеуметтік желілерде.
Украина президенті одақтастарға ерекше көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.
– Әріптестеріміздің Украинаның жауынгерлері мен табандылығын уақтылы қолдауы маңызды. Мен шынымен көмек уақтылы болғанын айтқым келеді. Шынында бұл жолғы көмек жайлы айта бергеннен гөрі Украинаға қару жеткізіліп жатыр. Мен жағдайға осылай қарайтын әрбір көшбасшыға алғыс айтамын, - деп қосты Зеленский.
Басылымның хабарлауынша "Украинская правда" дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Ресейдің оккупациялық әскері Харьковщинадағы төрт шекаралас ауылды басып алған. Ресей әскерінің күштері Волчанск бағытында алға жылжуға тырысатыны хабарланады.