×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қостанай облысында демалыста жүрген полиция қызметкерін өлтіріп кетті

11.05.2024, 15:27
Қостанай облысында демалыста жүрген полиция қызметкерін өлтіріп кетті
Ашық дереккөзден

10 мамырда Ұзынкөл ауылында өз үйінің ауласынан аудандық полиция бөлімі қызметкерінің денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі марқұм криминалист болып жұмыс істегенін, өлер алдында жыл сайынғы еңбек демалысында болғаны жөнінде ақпарат таратты.

- Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - деп атап өтті Қостанай облысы ПД.

Сотқа дейінгі тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынған.