×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Петербургте өзенге құлаған автобус: Қазақстан азаматы алғашқылардың бірі болып көмекке жеткен

11.05.2024, 16:58
Петербургте өзенге құлаған автобус: Қазақстан азаматы алғашқылардың бірі болып көмекке жеткен

Санкт-Петербургте өзенге құлаған автобустың ішіндегі жолаушыларға көмектесу үшін алғашқы болып көмекке ұмтылғандардың бірі – Ерхан Аханов есімді Қазақстан азаматы болып шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көліктің тросын қоршауға байлап, көмекке ұмтылған

Ресейдегі Фонтанка.ру басылымына сұхбат берген Ерхан Ахановтың айтуынша, 10 мамырда түстен кейін өзенге автобустың батып бара жатқан кезінде жұмысынан кетіп бара жатқан.

Әуелі Ерхан суға секірмек болады. Алайда қалған адамдар секірген кісінің өзі де опат болуы мүмкін екенін ескерткен. Осыдан кейін Аханов көлікке жүгіріп барып, тросын шығарып, қоршауға байлаған. Алдымен, суға бір дағыстандық, артынша Ерханның өзі түскен.

– Жігіттер люкті ашып, әйелді шығара бастады, мен оған алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жүрек массажын жасай бастадым. Ол су құса бастады. Тұншығып қалған екен. Жігіттердің тағы бірі көмектесті, жасанды тыныс ала бастады, - деді ол.

Осыдан кейін ел ішінен жүгірген құтқарушылар екінші жолаушыға да жан-жақты көмек көрсете бастаған. Бірақ олар енді ешкімді люктен шығара алмаған, өйткені су басқан салонға арқансыз түсу қауіпті болған, ал әйнекті сындыра қоятын зат табылмаған.

Ерхан Ахановтың өзі бұл әрекетін ерлік санамайды.

– Адамдарды құтқарсақ деген ғана ой болды. Олар біреудің ата-анасы, біреудің балалары. Менің ойымша, өзін еркек немесе адам деп санайтын кез келген адам тоқтап, көмектесер еді", – дейді ол.

Ержан Аханов Қазақстанда туғанын, бірақ соңғы үш жыл Санкт-Петербургте тұратынын, жүргізуші болып жұмыс істейтінін айтты.

Құрбандар ішінде Қазақстан азаматы бар ма

Бұған дейін Ресейдегі Фонтанка.ру басылымы Санкт-Петербургте көпірден құлап, суға батқан автобустың ішінде Қазақстан тумасы болғанын жазған. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ол Қазақстан тумасы болғанымен, азаматы емес екенін хабарлады.

Автобус апаты

10 мамыр күні Санкт-Пететрбургте автобус көпірден құлап, жеті адам көз жұмды. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, автобус қала орталығындағы өзенге құлаған. Тергеу комитеті жүргізуші автобустан алғашқылардың бірі болып шыққанын хабарлады. Ол ұсталған.

Ресей тергеу комитетінің ресми мәліметінше, қылмыстық кодекстің 238-бабының 3-бөлігі (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған қызмет) бойынша қозғалған. Полиция сондай-ақ, қылмыстық кодекстің 264-бабының 5-бөлігі бойынша (екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соқтырған көлік құралын жүргізу ережелерін бұзу) істі тергеп жатыр. Көлік комитеті автобусқа иелік еткен компанияға кешенді тексеру жүргізбек.

Апат болған кезде салонда 20-ға жуық адам болған. БАҚ-та олардың кейбіреулері өз бетінше жағаға шыққаны, тоғыз адамды құтқарушылардың алып шыққаны хабарланады.