×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

«Қазақша айтасыз ба? » Дзюдошы орысша сұрақ қойған журналисті тыйып тастады

12.05.2024, 13:15

Оқиға Астанада өтіп жатқан дюдодан “Үлкен Дулыға” турнирінде болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дзюдошы Бақытжан Әбдірахманов кезекті жекпе-жектен соң БАҚ өкілдеріне сұқбат беріп тұрған. Тілшілердің бірі одан орыс тілінде: “Ең қиын қарсылыс кім болды?” деп сұрайды.  

“Қазақша айтасыз ба? Мен түсінбей жатырмын,” - деп жауап қайтарады спортшы.  

Жанында тұрған өзге журналист сұрақты қазақшаға аударып береді. Әбдірахманов өзіне Махматбеков деген спортшымен белдесу оңайға түспегенін айтады.  

Жарыс қорытындысы бойынша Бақытжан Әбдірахманов үшінші орын үшін таласта ирландық Джошуа Гринды жеңіп қола медалға ие болды.  

Еске салайық Астана қаласында дзюдодан “Үлкен Дулыға” турнирі осымен екінші рет өткізіліп жатыр. Жарыс 10-12 мамыр аралығына жоспарланған. 84 мемлекеттен келген 450 спортшы әртүрлі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатыр.  

Серіктес жаңалықтары