×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

«Адвокат табамыз»: Лондонда тұтқындалған Қазақстан азаматтары туралы СІМ мәлімдемесі

13.05.2024, 20:20
Ашық дереккөзден

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Лондонда кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған Қазақстан азаматтары туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Күйеуі тергеуде

Ерлі-зайыптылардың әйелін босатқан. Ал күйеуі тергеліп жатыр екен. 

"Азаматтардың ерлі-зайыпты екендігі анықталды. Әйелін ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатқан, ал күйеуі тергеуде. Қазір біз азаматымызға барлық қажетті консулдық құқықтық көмек көрсетіп жатырмыз, адвокат табамыз. Қазақстандағы туыстарымен байланысып отырмыз", - деді Айбек Смадияров. 

Кісі өлтірді деген айып тағылған

Бұған дейін Қазақстан азаматына Лондонда кісі өлтірді деген айып тағылғаны белгілі болды. 

Оқиға Лондон аудандарының бірінде бірінде болған. Полиция шақыртумен келген кезде пышақ жарақатын алған 42 жастағы ер адам тапқан.  

Оқиға орнында “кісі өлтірді деген күдікпен” Қазақстан азаматы Бейбіт пен оның 33 жастаңы әйелі қамауға алынды. 33 жастағы әйел қосымша тергеу жүргізілгенге дейін кепілмен босатылды. 

Азаматтар Ұлыбританияға Қазақстаннан 2023 жылдың мамыр айында маусымдық жұмыс визасымен келген.  

Серіктес жаңалықтары